Команданың ту ұстаушылары киетін киімгенегізінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқармүйіз» бейнеленген. Айта кетелік, өрнекэлементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастееватындағы Мемлекеттік өнер мұражайыменбірлесіп дайындады.
Токио-2020 Олимпиадасында да осындай қадам жасалғанболатын. Ал Жапониядағы жазғы ойындарға ту ұстаушылардың киімін тіккен дизайнер-модельер Виолетта Иванова БейжіңОлимпиадасы ту ұстаушыларының формасында дайындады.
«Ту ұстаушылардың костюмі өз елінің дәстүрімен мәдениетін паш етеді, сондықтан, біздіңбасты мақсатымыз да осы болды. Қазақхалқының еркін рухын ұрпақтан ұрпаққажалғасып келе жатқан бай тарихынан артықештеңе бейнелей алмайтыны анық. Қазақтыңбатырлары мен Томирис патшайымы туралыаңыздарды біз де, барша әлем де біледі. Костюмді дайындау кезінде осы бір қызықтыоқиғаларды басты назарға алдым», — дейдідизайнер.
«Өрнектің негізінде барша әлем халықтарыежелден құрметтейтін, ең мықты энергия көзісаналатын күн жатыр. Бұл тек мықтыларға – жеңімпаздарға бағытталған. Біздің бастыбатырларымыз – спортшылар, олимпиадашылар тәртіпке берік, мақсатыанық, өз армандарына сенімді қадам басқан, бала күнінен бері басты мақсатына жету үшінеңбектенген жандар», — деп атап өтті ол.
Қазақстандық модельердің айтуынша, ойынның ашылу салтанатына арналғанформаны дайындау қиынға соққан. Себебі, жұмыс кезінде климаттық ерекшеліктерді де ескеру қажет.
Әйел адамға арналған костюм пальто жәнеқолмен өрнектелген бірегей сәукеледентұрады. Бұл костюмді қазақстандық шеберлер3 ай бойы, әрбір сантиметрін өз қолымендайындаған. Көптеген антикалық авторлардыңшығармаларында кездескен әрі мыңдағанжылдар бойы аңызға айналған Сақпатшайымы осы туындыға арқау болған.
Әйел адам костюміндегі «қошқар мүйіз» өрнегіқоршаған ортамен үйлесім тапқан, өміргеталпынған, құнарлылық пен молшылықтыбейнелейді. Ер адамның костюміндегі негізіэлемент – қалқан ерлік пен батырлықтыңсимволы. Екі костюмнің де астары терең. Басты түс болып қара және «жеңімпаздардыңтүсі» саналатын алтын түс таңдалды. Қара су жолбарысының жылы да есепке алынды. Өйткені, Олимпиаданың басталуы тап осы жылдың енуімен сәйкес келіп отыр.
Қазақстандық атлеттер костюмнің толықкөңілден шығатынын киімді өлшеген сәттен-ақайтып келеді. Еске салайық, Абзал Әжіғалиевекінші Олимпиада қатарынан еліміздің ту ұстаушысы атанып отыр.
«Біздің костюмдеріміз бірегей әрі расымен де мықты энергетика сезіледі. Мұндай маңыздысәт Екатерина екеумізге сеніп тапсырылғанынақуаныштымын. Ел намысын Олимпиададақорғау үлкен абырой, ал туыңды алып шығуарқылы жауапкершілік одан әрі арта түседі. Бұл сезімді жеткізу мүмкін емес!», — дейдіАбзал Әжіғалиев.
Эскизден бастап соңғы сыруға дейінгі процесс үш айға созылды. Бұл өнер туындысындайындауға 20-дан аса шебержұмылдырылды, оның ішінде 2 конструктор, 4 тігінші, суретші және 8 кестеші бар. Киімдібезендіріп тұрған барлық кесте алтын, күмісжіптермен және моншақтармен қолданжасалды.
«Костюмдердің эскизі Олимпиаданың ашылусалтанатына дейін құпия үсталды. Сондықтан, костюмнің қандай болатыны мен үшін ерекшеқызық еді. Костюмнің керемет шығатынынакүмәнім болған жоқ. Алайда, бұл костюм мен ойлағаннан да артық дайындалыпты! ҰОК пен осы бір сұлулықты қолдан жасаған барлықшеберлерге үлкен алғысымды білдіремін. Барлық жан-дүниесін салып істеген дүние екенісезіліп тұр. Қазақстанды осындай деңгейдетаныту үшін бұдан асқан не ойлап табу керектігін білмеймін», – деді Екатерина Айдова.
Айта кетелік, Олимпиада ойындарындаспорттың 8 түрінен 34 спортшы бақ сынайды.