Қазақстандық 104 студент халықаралық алмасулар жөніндегі неміс қызметінің шәкіртақысына ие болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 104 студент халықаралық алмасулар жөніндегі неміс қызметінің шәкіртақысына ие болмақ

Қазақстандық 104 студент халықаралық алмасулар жөніндегі неміс қызметінің шәкіртақысына ие болмақ

Немісше аббревиатурасы ДААД деп аталатын халықаралық алмасулар жөніндегі неміс қызметі Қазақстандық студенттер, магистранттар, аспиранттар мен ғалымдарға арнап 2003-жылғы жаз маусымы мен алдағы оқу жылына 104 шәкіртақы тағайындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Германия елшілігінің баспасөз бөлімінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 523
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында студенттер үшін үш апталық тіл зерттеуге арналған шәкіртақы, сондай-ақ, ғалымдар мен аспиранттар үшін зерттеулер жүргізіп , кәсіп шыңдауға арналған екі жылдық шәкіртақылар бар.

24-маусым, бейсенбіде Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Р. Кёртинг аталмыш шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі сертификаттарды табыс етпекші.
Халықаралық академиялық алмасуларға ұйытқы болушы ДААД қызметі — барлық неміс жоғары оқу орындарының басын біріктірген ұйым. Ол еліміз тәуелсіздік алғаннан бері осында жұмыс істеп келеді. Осы мерзімде Қазақстандық 697 студент және ғалымдар ДААД шәкіртақысына ие болды. Сонымен бірге , биылғы жылы аталмыш қызмет еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында қызмет істеп жүрген германиялық 7 оқытушы, мұғалім және ассистентті жалақымен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандық студенттердің Германияға барып-келу жолақысын, неміс және қазақстандық ғалымдардың ұйымдастыруымен Қазақстанда өтетін әртүрлі салалық семинарларды қаржыландыру жұмыстарын да ДААД өз мойнына алған.