2002-жылғы мамырда Байқоңырда қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы ретінде ҚР үкіметі 5,64 млн. теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2002-жылғы мамырда Байқоңырда қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы ретінде ҚР үкіметі 5,64 млн. теңге бөлді

2002-жылғы мамырда Байқоңырда қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы ретінде ҚР үкіметі 5,64 млн. теңге бөлді

ҚР үкіметі өз резерв қорынан 2002-жылғы мамырда Байқоңыр ғарыш айлағында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы ретінде 5 млн. 640 мың теңге бөлді.

  • 23 Маусым 2003
  • 558
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Ерғазы Нұрғалиев KZ-today тілшісіне хабарлады.

Осы орайда естеріңізге сала кетсек, 2002-жылғы 12-мамырда ғарыш айлағының 112-ші алаңындағы монтаждық-сынақ ғимараты төбесінің құлауы салдарынан Қызылорда облысы Қазалы ауданының 7 тұрғыны қаза тапқан болатын.
Ресей тарапынан асыраушысынан айрылған отбасылардың әрбір мүшесіне 180 мың теңгеден жәрдемақы төленді. Алайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленетін жәрдемақы мөлшері бұдан әлдеқайда жоғары — 987 мың теңгені құрайды. Сөйтіп, ұзаққа созылған келіссөздер барысында Ресей жағы шығарған бір мәрте жәрдемақы мен ҚР заңдары бойынша осындай жағдайда қарастырылған жәрдемақы арасындағы айырмашылықты Қазақстан жағы төлейтін болып келісілді. Үкімет бөлген 5,64 млн. теңге қаржының сол жетіспеген бөлігін толықтыруға жұмсалады.