Сапар бағдарламасына сәйкес Елбасы Канаданың генерал-губернаторы Адриенн Кларксон, премьер-министр Жан Кретьен, сенат спикері Дэниэл Хэйс мырзалармен, және бірқатар үкімет мүшелерімен кездеседі деп күтілуде. Сапар аясында екі жақты құжаттарға қол қойылады.
Сонымен бірге, президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан — Орталық Азиядағы інжу маржан» тақырыбындағы сауда-инвестициялық бас қосуға қатысып, Оңтүстік Альберта Технологиялық институтында сөз сөйлейді , сондай-ақ, Канада патшалық полициясының колледжінде қонақта болады деп межеленген.