Ғұмырлық абақтыға қамау жүйесі Қазақстанда 2006-жылдан кейін енгізіледі -ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғұмырлық абақтыға қамау жүйесі Қазақстанда 2006-жылдан кейін енгізіледі -ҚР әділет министрі

Ғұмырлық абақтыға қамау жүйесі Қазақстанда 2006-жылдан кейін енгізіледі -ҚР әділет министрі

Төтенше қауіпті қылмыскерлер үшін ату жазасын ғұмырлық абақтыға қамау жазасымен алмастыру жүйесі Қазақстанда 2006-жылдан кейін енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 23-маусымда ғұмырлық бас бостандығынан айыру тәжірибесі мен стандарттарын талқылауға арналған Алматыдағы халықаралық конференцияда ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 660
Фото - Caravan.kz

Әділет министрінің айтуынша, осы мерзімге дейін жаңа жаза түрін қолдану тәртіптері мен құқықтық-нормативтік базасы әзірленіп, ғұмырлық бас бостандығынан айрылғандарды қамайтын орны мен тәртібі , түрме қызметкерлері, сотталғандар мен оларға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі дәйектелуге тиіс.

«Қазір біз өлім жазасын қолданудан бас тарту немесе бас тартпау туралы мәселеден гөрі, қылмыскерлерді ғұмырлық бас бостандығынан айыру жүйесіне қалай көшеміз деген мәселе төңірегінде ойлана бастадық»,- деді әділет министрі.
Конференцияда сөз сөйлеген ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары Игорь Рогов Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуға бағытталған қозғалыс — қоғамды одан әрі демократияландыру және ізгілікке бет бұру аясындағы ең көкейкесті қажеттілік болып табылады. Алайда бұл мәселені шешу едәуір қымбатқа түскелі отыр. Мәселен, ҚР әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің есебіне жүгінсек, ғұмырлық бас бостандығынан айрылғандарға арнап Павлодардағы әлдебір кәсіпорынның бір цехын түрмеге айналдырудың өзіне 800 млн. теңге жұмсалады екен. Ал И.Роговтың айтуынша, түрме қызметкерлерін даярлау және оларды қаржыландыру жұмыстарын ескергенде, әлгі қаржы 1,5-2 млрд. теңгеге дейін жететін көрінеді.
Өткен жылдардағы статистикалық деректерге жүгіне отырып И.Роговтың айтуынша, ғұмырлық бас бостандығынан айыру жазасы жүктелгендер қатары жыл сайын 20-25 адамға артады екен.