"Қызды арыққа лақтырып жіберген": Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызды арыққа лақтырып жіберген": Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды

"Қызды арыққа лақтырып жіберген": Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды

Алматы қаласының әлеуметтік желілерінде белгісіз ер адамның қыз баланы жол бойындағы арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған.

  • 9 Ақпан 2022
  • 146
Фото - Caravan.kz

Көпшілікті дүр сілкіндірген бейнежазба көптің талқысына түсіп кеткен. Алайда кейін істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушінің арыққа лақтырған адамы қыз бала емес – мас жігіт екен. Бірақ бұл ер адамның қылығына араша бола алмайтыны анық.

"Біз арыққа лақтырған қыз бала туралы анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаев көшесінде көліктердің қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (мас күйде болуы мүмкін) видеосын жариялаған болатын. Оның күртешесіне қарағанда, бұл сол "қыз", — деп жазады Qumash telegram-арнасы.

Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. Керісінше оған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.


Ал оны арыққа лақтырған азаматты полиция іздестіріп жатыр.