Иран мен Қазақстан арасында Иранға шығарылатын Қазақстан мұнайының көлемін тәулігіне 20-дан 100 мың баррельге дейін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран мен Қазақстан арасында  Иранға шығарылатын Қазақстан мұнайының көлемін тәулігіне 20-дан 100 мың баррельге дейін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде

Иран мен Қазақстан арасында Иранға шығарылатын Қазақстан мұнайының көлемін тәулігіне 20-дан 100 мың баррельге дейін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде

Иран мен Қазақстан арасында Иранға шығарылатын Қазақстан мұнайының көлемін тәулігіне 20-дан 100 мың баррельге дейін жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы бүгін, 24-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Муртазо Саффори мәлімдеді.

  • 24 Маусым 2003
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Иран арасындағы мұнай алмасу 2002-жылдың қаңтарынан басталған. Қазір Иранға күн сайын 20 мың баррель мұнай жеткізілуде. Қазақстан мұнайы Ақтау теңіз айлағы арқылы Иранның Амирабад теңіз айлағына танкерлермен жеткізілуде»,- деді М.Саффори.

Елшінің мәліметіне жүгінсек, мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің мүшесі болып табылатын Иран жылына 3,5 млн. баррель мұнай өндіреді. Оның 1 млн. баррелі Иран Ислам Республикасының ішкі тұтынымына жұмсалса, 2,5 млн. баррелі экспортқа шығарылады.