«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының азаматтарға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Үш күдікті де кепілмен босатылды», – делінген сот хабарламасында.
Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы («қаржы пирамидасын құру және оны басқару») бойынша күдікті деп танылған. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылулары мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Mudarabah capital компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.