Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек "Жұлдыздың жары"бағдарламасында отбасылық өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бірнеше хит әндерді орындап, көпшілікке кеңінен танылған Төреғали мен Толқын студент кезінен таныс екен.
Төреш айтысып жүргенде мен көрермен болып баратынмын. Ол кезде тек сырттай білетін едік. Кейін інімнің тойына байланысты етене араласып кеттік. Алланың қалауымен бас қостық. Төреш 22-ге толып, туған күнін жасағанда анасымен таныстырған еді, — дейді Толқын.
Сол кезде анасы "осы қызға үйленесің" деп кесіп айтыпты. Өйткені болашақ келінін бір көргеннен ұнатқан.
Әншінің жұбайының сырын ақтаратын жақын құрбылары жоқ болып шықты.
Ешқандай да құрбым жоқ. Енемнен сіңген қасиет шығар. "Анамның да құрбылары жоқ. Бар сырымды сол кісіге айтамын. Сол кісіге ұқсаған шығармын. Одан кейін Төрешке айтамын, — дейді ол.