Қазақстанда 50 мың нашақор бар, олардың үштен екісі жастар мен жасөспірімдер - ҚР денсаулық сақтау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 50 мың нашақор бар, олардың үштен екісі жастар мен жасөспірімдер - ҚР денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 50 мың нашақор бар, олардың үштен екісі жастар мен жасөспірімдер - ҚР денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін, 25-маусымда Алматыдағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталықта "Балалар мен жасөспірімдердің есірткі тұтынуының алдын алудағы отбасының ролі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Маусым 2003
  • 874
Фото - Caravan.kz

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда 50 мың нашақор бар, олардың үштен екісі — жастар мен жасөспірімдер .

Ал БҰҰ сарапшыларының дерегі бойынша, есірткі тұтынушылардың саны ресми деректерден 10 есе артуы мүмкін. Психикалық қоздырғыш заттарды тұтына бастағандардың орташа жас мөлшері — 12-14 жасты құрайды. Әрбір есірткі тұтынушы 1 жылда кем дегенде 10 адамды теріс жолға түсіреді екен.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталықтың бастамасы , БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа бақылау қою басқармасының қолдауымен елімізде «Балалар мен жасөспірімдердің есірткі тұтынуының алдын алудағы ата-ананың ролі» тақырыбында ақпараттық шара ұйымдастырылуда.
Шараның мақсаты — ата-ананың есірткі жөніндегі ақпараттық хабардарлығын ұлғайту болып табылады. Осы мақсатпен ата-аналарға арнап нашақорлықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық үнпарақтар мен видеороликтер шығарылды. Бұл материалдар республика облыстарына түгелдей таратылады деп күтілуде.
Жыл сайын 26-маусымда есірткі және заңсыз есірткі айналымымен Дүниежүзілік күрес күні атап өтілетіні белгілі. Биыл БҰҰ-ның бастамасымен бұл күн «Есірткі туралы ой бөлісейік» деген ұранмен өткізілмек. Қазіргі жағдаймен дүниежүзінде тыйым салынған есірткі түрлерін тұтынатын 200 млн. адам бар, бұл- жер шары халқының 4,7 процентін құрайды.