Бұл туралы Әміржан Мәуленов есімді продюсер өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған, деп хабарлайды Экспресс К.
Продюсер Жолдыбаевалардың шомылуға арналған киіммен түскен суретін салып, астына:
Негізі әжептәуір қыздар ғой. Екеуінің біреуін 3-і қылып алсам? Қазақтың қыздары… несі бар, несі жаман?,
— деп жазба қалдырған.
Автордың қандай оймен жазғаны белгісіз. Алайда көпшілік бұны сан-саққа жорыпты. Басым бөлігі үшінші әйел ретінде алумен байланыстырған. Бірі "Шымкентке +1 келін бұйырса" десе, енді бірі "сізге лайықты емес", "сізге тиіп жабық киініп кетер", "бұлар қатын болуға жарамайды" деп ақыл айтқан. Пікір қалдырғандардың арасында ашық-шашық киінген қыздарды сынға алғандар бар.