"Күн суытып, аяз болады": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күн суытып, аяз болады": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

"Күн суытып, аяз болады": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады


"Қазгидромет" 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 14 Ақпан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің солтүстік аймақтарында күн ашылғанымен, түнгі уақытта төменгі температура сақталады. 15 және 16 ақпанға қараған түні термометр бағандары 18-23 градус, ал кей аймақтарда 27 градус аязды көрсетеді.

Шығыс және оңтүстік-шығыста антициклон ығысуы салдарынан 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градусқа, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін төмендейді.