Сенат еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісімнің хаттамасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісімнің хаттамасын бекітті

Сенат еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісімнің хаттамасын бекітті

Бүгін, 26-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісімге қатысушы-мемлекеттердің өзара импортқа лицензия беру тәртібі жөніндегі хаттаманы бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 26 Маусым 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Хаттама 2000-жылдың 30-қарашасында Минск қаласында толтырылған болатын. Хаттаманың мақсаты — ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері тарапынан 1994-жылдың 15-сәуірінде қол қойылған еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім мен 1999-жылдың 2-сәуіріндегі хаттама бойынша жүктеп алған міндеттемелерді орындау болып табылады.

Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Ғалым Оразбақовтың айтуынша, хаттамаға сәйкес лицензия беру мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. «Аталмыш келісімді бекіту — оған қол қойған елдер арасындағы еркін сауда ауқымын ұлғайтуға септігін тигізеді»,- деді ол.
Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.