Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

Қазақстанда Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды.

  • 15 Ақпан 2022
  • 230
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.

Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды. Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды, деп мәлімдеді индустрия министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Билет құны 20 еуродан (9 760 теңге) басталады.