Павлодар облысында тірі тасбақаларды контрабандалық жолмен шекара асырмақ болды деген айыппен Өзбекстан азаматы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
0 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тірі тасбақаларды контрабандалық жолмен шекара асырмақ болды деген айыппен  Өзбекстан азаматы сотталды

Павлодар облысында тірі тасбақаларды контрабандалық жолмен шекара асырмақ болды деген айыппен Өзбекстан азаматы сотталды

Павлодар облысында тірі тасбақаларды контрабандалық жолмен шекара асырмақ болды деген айыппен Өзбекстан азаматы сотталды.

  • 26 Маусым 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-сәуірде Павлодар облыстық «Шарбақты» кедендік бекетінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауылынан Ресей Федерациясының Красноярск қаласына қатынап бара жатқан халықаралық автобусты кедендік тексеруден өткізген кезде автобустың жүк сақтайтын бөлігінен 14 картон қорап шыққан болатын.
Қораптардан 2005 дана тірі тасбақа табылды. Тасбақалар қытайдың жапсырғыш қағаздарымен оралып, қызанақтардың астына жасырылған көрінеді. Жүктің иесі 31-жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.
Сарапшылардың бағалауынша, заңсыз жолмен шекарадан өткізілмек болған жүктің құны 872 мың теңгеден артық, яғни, 1 мың төменгі есеп көрсеткішінен асып түседі. Сол себепті ҚР Қылмыстық Кодексінің «Экономикалық контрабанда» жөніндегі 209-бабына сәйкес Өзбекстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Аталмыш қылмыстық істі қараған Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-ші, 209-бабының 1-ші тармақтарына сәйкес Өзбекстан азаматын екі жылға сынақ мерзімін тағайындай отырып ,
1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
«Бұл — құқық бұзу сипатына және кедендік мекемелердің процессуалдық әрекеттерінің нәтижесіне қарай Кедендік мекеменің тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған ерекше оқиға болды»,- деп хабарлайды Павлодар облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметі.