Ресей әлі де шабуыл жасауы ықтимал - Байден - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей әлі де шабуыл жасауы ықтимал - Байден

Ресей әлі де шабуыл жасауы ықтимал - Байден

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға "шабуыл жасау" ықтималдығы әлі де бар екенін айтты.

  • 16 Ақпан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалықтарға арнаған видео үндеуінде Байден "АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын" екенін баса айтты.

"Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса, біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де ықтимал", — деді Байден Ақ үйдің YouTube-арнасына жарияланған видео үндеуінде.

Сонымен қатар, америкалық тарап өз мәлімдемелеріне ешқандай дәлел келтірмейтіні айтылды.


Бұған дейін Байден Ресей 16 ақпанды Украинаға "шабуыл жасау" күні деп белгіленгенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме Батыс елдері, Еуроодақ және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды.