Ақтөбе облысы дүниежүзінің 65 мемлекетімен сыртқы сауда саласында арабайланыстар орнатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы дүниежүзінің 65 мемлекетімен сыртқы сауда саласында арабайланыстар орнатқан

Ақтөбе облысы дүниежүзінің 65 мемлекетімен сыртқы сауда саласында арабайланыстар орнатқан

Ақтөбе облысы дүниежүзінің 65 мемлекетімен сыртқы экономикалық арабайланыстар орнатқан. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бас маманы Әдемі Мауышева хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 893
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ақтөбе облысының шаруашылық субьектілері ТМД, Азия, Африка, Америка, Австралия және Мұхиттық мемлекеттермен өзара ынтымақтастықтар орнатқан. Ақтөбе облысының өнімдеріне дүниежүзінің 38 елі сұраныс білдірсе, облыстың өзі шетелдік 57 мемлекеттің өніміне зәру.

Ә.Мауышеваның айтуынша, облыстың басты сауда-экономиалық әріптесі — бұрынғы Кеңестік республикалар болып табылады, облыстық тауар айналымының 30 проценті осы елдердің үлесінде. Ал Ақтөбе облысының Достастық елдерінен алған импорты 50 процентті құрады. ТМД елдерінен облыс өнімдерін негізгі сатып алушылардың қатарында Ресей,Украина, Әзірбайжан және Өзбекстан енеді. Ә.Мауышеваның айтуынша, бүгінде алыс шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстар ауқымы артып келеді, бұл елдердің үлес салмағы 72 проценттен асты.
Азия аймағындағы елдермен де экономикалық байланыстар нығайып келеді. Сыртқы экономикалық қарым-қатынас саласында облыстың екінші орындағы қуатты әріптесіне Қытай саналады, бұл елдің үлес салмағы 20 процент шамасында. Жыл басынан бері Қытайға негізінен шикі мұнай шығарылды (бұл елге шығарылған экспорттың үлес салмағы 15 процентті құрайды), ал Қытайдан облысқа құрал-жабдық, қара металл бұйымдары, мұнай өнеркәсібіне арналған көлік құралдары мен химиялық реагенттер әкелінді (импорттың үлес салмағы 30 процент). Экспорт көлемінде Еуропа елдерінің үлес салмағы шамамен 40 процентті құрады. Облыстан өнім экспорттаушы негізгі елдер қатарында Италия, Нидерланды және Ұлыбритания бар. Ал Еуропа елдері арасында импорттың ең жоғары үлес салмағын Германия иемденеді (5 процент).