"Таза су" бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен Атырау облысына 2 млрд. 107 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Таза су" бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен Атырау облысына 2 млрд. 107 млн. теңге бөлінді

"Таза су" бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен Атырау облысына 2 млрд. 107 млн. теңге бөлінді

"Таза су" бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен Атырау облысына 2 млрд. 107 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға Атырау облысының 22 елді мекенінде су тазарту қондырғылары орнатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық құрылыс департаментінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 604
Фото - Caravan.kz

Атырау аймағы үшін су қамтамасыздығы ең өзекті мәселенің бірі. Өткен жылы Атырау облысына 8 су тазарту қондырғысы мен су құбыры желілерін тартуға республикалық трансферт түрінде 1 млрд. 272 млн. теңге бөлінді. Алайда осы жұмыстарды атқару жөніндегі тендерді жеңіп алған «Каспийский» ЖШС-і бюджет қаржысын толық игере алған жоқ. Мұның себебі қазіргі су тазарту станцияларына қосымша нысандар қосуға бағытталған қосалқы жұмыстардың пайда болғандығымен түсіндірілді.

Қазіргі жағдаймен су тазарту қондырғылары монтаждалып, барлық жұмыстар тәмамдалды. Дегенмен, елді мекендер тазартылан суды әлі де ала алмай отыр. Өйткені, облыстық құрылыс департаменті өкілдерінің айтуынша, салынған нысандарды іске қосуға арналған қаржы бюджетте қарастырылмай қалыпты.
Атырау облысы бойынша жалпы алғанда 452 мың адам тұрады.