Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне жанармай құйып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне жанармай құйып жіберген

Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне жанармай құйып жіберген

Қызылордада ер адам базардағы орын үшін үстіне бензин құйып жіберген.

  • 16 Ақпан 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер оқиға туралы Instagram желісінде жазған. Жазбада кептірілген жеміс сатушылар арасындағы қақтығыс шамамен екі күнге созылғаны айтылған.

"Дау базардағы орынға байланысты шықты. Ер адам көз алдымызда үстіне бензин құйып жіберді. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті", — делінген хабарламада.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылғанын айтты.

"Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 517-бабы 5-бөлігінде көрсетілген Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді", — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.