«Барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады»: Танымал тілші Мұхамеджан Тазабектің сөзін сынға алды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады»: Танымал тілші Мұхамеджан Тазабектің сөзін сынға алды (ВИДЕО)

«Барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады»: Танымал тілші Мұхамеджан Тазабектің сөзін сынға алды (ВИДЕО)

Белгілі журналист Тоқтар Жақаш Facebook-тегі жеке парақшасында Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті. 

  • 17 Ақпан 2022
  • 128
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Сатқын емес қазақ миллионнан біреу!" дейді. Сосын, әлеуметтік желіде "қып-қызыл махаббат, ойнас жасап жатыр" дейді. Бұл неге барлық нәрсені төсекпен, секспен салыстырады да отырады? Не әдет?",- деп жазды журналист. 

Еске салсақ, Мұхамеджан Тазабек «Talim.tv» бағдарламасына берген сұхбатында:

«Сатқындық дейтін нәрсе бар. Сатқын емес қазақ миллионнан біреу шығар. Неге, себебі, біреу әйелін, енді біреуі күйеуін сатып жүр. Әлеуметтік желіде қым-қиғаш, қызыл-қырғын махаббат болып жатыр. Ойнастың есебі жоқ. Күйеуіне айта алмайтын қаншама әйелдің сыры бар, әйелінен жасырып жүрген қаншама еркектің жыры бар. Егер, осының бәрін біз сатқындық деп есептейтін болсақ, қоғамда сатқындықтан аман адам жоқ. Сол себептен мен бас салып біреуді айыптап немесе оған «сатқын» ол деп үкім таға алмаймын. Себебі, өзім содан таяқ жеп жүрген адаммын», – деген болатын.