Қазақстандық ММА файтерін Мәскеу орталығында атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ММА файтерін Мәскеу орталығында атып кетті

Қазақстандық ММА файтерін Мәскеу орталығында атып кетті

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеу орталығында фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Оқиға 16 ақпанда болған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

  • 17 Ақпан 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Басылымның мәліметіне сүйенсек, файтер мен спорт мекемесінің күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

30 жастағы Дүйсембаев 6 жерден оқ жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде.

Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. “Қазақ” лақапатымен белгілі болған ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.