Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Демалыс және дүйсенбі күндері доллар бағамы 467,09 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 25 ақпандағы ресми бағамы — 465,99 теңге.
KASE қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы — 467,09 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы — 460,64 теңге, сату — 465,22 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,56 теңгеден сатып алынып, 464,63 теңгеден сатылып жатыр.