Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр

Украинадағы 241 қазақстандық Польша шекарасынан өтіп, елге қайтуға дайын отыр

Украинадан Польшаға қарай өткен 241 қазақстандық елге қайтуға дайын.

  • 28 Ақпан 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Шекарада қалғандар үшін тағы бір рейс жіберіледі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, қазіргі уақытта Украина-Польша шекарасынан 241 адам өтті. «Шекарадан барлығы 4 автобус өтті. Тағы 99 адам шекарада тексеруді күтіп отыр. Репатриациялық рейс жасайтын ұшақ бүгін сағат 10:00-де Атыраудан ұшып шықты. Катовицеден қайтатын рейс 15:30-ға жоспарланған. Репатриациялық рейс сағат 21:00-де жанармай құю үшін Атырауға техникалық түрде қонады, ал Алматыға сағат 00:30-да келеді деп күтілуде. Борт 174 жолаушыға арналған, қалған жолаушылар үшін, оның ішінде шекарада күтіп отырғандарға тағы бір рейс жіберіледі», — деді Е. Жетібаев. Сонымен бірге, жүк көліктері жағдайы бойынша: Харьков қаласынан Белгород қаласына қарай 8 ауыр жүк көлігі Украина-Ресей шекарасынан өткелі тұр. Оның ішінде 4 Қазақстан азаматы, 8 Ресей азаматы бар.