Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазіргі таңда әншінің тек өз отбасы емес, ата-анасы мен бауырларының өмірі халықтың назарында тұр. Тіпті, мектеп оқушылары тарихты білмесе де, Қайраттың өмірін жатқа біледі деп те айтты.
Әншіні жары Жұлдызбен ажырасты, балаларын тастап кетті десе, енді бірі хайп деп сенбегендер де болды.
Театр актрисасы Жұлдыз Түркістан қаласында қойылым көрсетті. Қайрат 101 розасымен тосынсый жасаса, Жұлдыз да Қайраттың інісінің тойына аяқ асты келіп, тосынсый жасағанының куәсі болыңыздар. Бұл оқиғаға куә болған халық олар үшін қуаныштан жылағандарын да айтты.
Тойдан соң, қайта табысты деген жұлдызды жұп бірге ме, бірге емес пе халыққа беймәлім. Жұлдызды ата-анасымен бөлек тұрып жатыр деген қауесеттер де аз емес.