Бейжің олимпиадасында көпті таң қалдырған қандасымыз Ақнар Адаққызына Қытайда қалай құрмет көрсетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжің олимпиадасында көпті таң қалдырған қандасымыз Ақнар Адаққызына Қытайда қалай құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Бейжің олимпиадасында көпті таң қалдырған қандасымыз Ақнар Адаққызына Қытайда қалай құрмет көрсетті (ВИДЕО)

XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында өнер көрсеткен қандасымыз Ақнар Адаққызына ауылдастары ат мінгізіп, атан жетелетті.

  • 5 Сәуiр 2022
  • 714
Фото - Caravan.kz

Бқл туралы Caravan.kz  медиа порталы ҚазАқпарат-ке сілтеме жасап хабарлайды. .

Талай мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған, таяуда ғана Бейжің қысқы Олимпиадасына қатысып өнер көрсеткен, ел мерейін асырып жүрген Ақнар Адаққызына ауылдастары 27 наурыз күні ауылда дүбірлі той жасап, қос бірдей тұлпар мінгізді және атан түйе жетелетті. Осылайша Қытайдың Шыңжаң өлкесі Құтыби ауданы Тасбаспалдақ ауылының халқы спортта топ жарған қызына қазақ салты бойынша ерекше ықыласы мен құрметін көрсеткен. Айта кетейік, Ақнар Адаққызы 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Құтыби ауданында туған.

Ақнар 5 жасынан бастап коньки тебеді. 10 жасында спортқа деген әуестігіне кәсіби түрде қарап, жаттықтырушысының бағыт-бағдарымен шұғылдана бастайды. 2014 жылы Шыңжаң қысқы ойындарында қатарынан 5 рет чемпион атанған. Сөйтіп, 15 жасында ресми түрде Шыңжаң құрамасының мүшелігіне өтіп, ұлттық жарысқа қатысу құқығына ие болады. Ал 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына алынады.

Ақнар Адаққызы конькимен жүгіруден 2018-2019 жылғы Ұлттық чемпионатта әйелдер арасында 5000 метр қашықтық бойынша чемпион атанды. Ал Жастар арасындағы конькимен жүгіруден 2019-2020 жылғы Әлем кубогының екі кезеңіне қатысқан Ақнар Адаққызы алтыннан алқа таққан. Ол сол жолғы Норвегияда өткен 3000 метр қашықтықта жастар арасындағы конькимен жүгіруден Әлем кубогының 1-кезеңі мен Нидерландта өткен 2-кезеңінде қатарынан екі бас жүлдені қанжығалаған. Сонымен қатар Нидерландта өткен әлем кубогының екінші матчында әйелдер арасындағы спринтерлік көпсайыста Ақнардың командасы қола медаль жеңіп алды. Ал былтырғы әлем чемпионатында Ақнар конькимен жүгіруден командалық жарысқа қатысып, Қытайдың қоржынына қола медаль салады.

XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында сынға түскен Ақнар Адаққызы 5 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы 3000 метрге конькимен жүгіру жарысында 4:12.28 уақытымен 17-орынға, 7 ақпанда 1500 метрге конькимен жүгіру жарысында 1:58.59 уақытымен 17-орынға ие болды. Сондай-ақ, 15 ақпанда спринтерлік көпсайыста Ақнардың командасы Норвегия командасын жеңіп, 5-орынды қанжығалады.