Маңғыстаулық археологтар Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда біздің жыл санауымызға дейінгі III-II - ғасырлардағы көне қоныстың жұрнақтарын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстаулық археологтар Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда біздің жыл санауымызға дейінгі III-II - ғасырлардағы көне қоныстың жұрнақтарын тапты

Маңғыстаулық археологтар Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда біздің жыл санауымызға дейінгі III-II - ғасырлардағы көне қоныстың жұрнақтарын тапты

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының археологтары Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда біздің жыл санауымызға дейінгі III-II - ғасырлардағы көне қоныстың жұрнақтарын тапты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Тамыз 2003
  • 669
Фото - Caravan.kz

Бұл — осы облыс аумағынан табылған біздің жыл санауымызға дейінгі III-II — ғасырлардың бірден-бір ескерткіші. Табылған сағана ұлутастардан салынып, қабырға тақталары осы жерден 30 метрде орналасқан жартастан қашап дайындалыпты.

Сағанадан садақ оғының ұштығы шықты. Әрбір тарихи дәуірдің өзіне ғана тән қару-жарақ түрлері болғандықтан, сол ұштықтарға қарап қоныстың нақты қай кезеңге жататыны анықталған.
Сондай-ақ, сағанадан екеуі сау күйінде сақталып қалған бірнеше балшық ыдыстар табылды. Археологтар сонымен бірге ежелгі темір дәуіріне тән күміс сырғалар мен темір білезік олжалады.
Мұндағы қазба жұмыстары үш аптаға созылады.