Өзін Светлана Қошанова деп таныстырған кәсіпкер, қоғамда жиі айтылатын «зумерлер» тақырыбын талқыға салған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Оның сөзінше қазіргі буын адамдары мен зумерлер арасында айырмашылық бар.
«Зумерлердің ең жақсы көретіні — бұл құрмет. Бізде қалай? Өзіміздің қызметкерлерімізге жоғарыдан төмен қараймыз. Сен кімсің, боқмұрынсың, тәжірибең жоқ деген сияқты.
Кәсіпкерлер көп табатындықтан, өзінше болатыны бар. Зумерлерге ол ұнамайды. 10 жерден әкім бол, генерал бол, оларға бұл лауазымдар әсер етпейді. Оларға тек қана сыйлстық керек. Құрметтейсіз, өзіңіздің шекараны ұстайсыз.
Олар сізді жақсы сыйлайтын болады және айтқаныңызды түсініп, орындайтын болады. «Сыйлағанның құлы бол» дейді ғой, зумерлер сондай», — деді ол.