Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса, актриса Жанель Мақажан күйеуімен ажырасқанын хабарлаған еді. Екі жұп бұған дейін отандық телеарналардың біріне сұхбат беріп, онда Абай Асылхан актриса мен оның балаларын «Аманатым» деп атаған еді.
Кейін актриса бірнеше айдан бері онымен ажырасқанын, төрт баласымен бөлек тұрып жатқанын хабарлаған еді.
Енді Абай Асылхан желіге бірінші некедегі қызымен түскен суреттерін жүктеп, тағы да ел назарын өзіне аударды. Ол қызына жылы тілегін жаудырып, көптің көзіне түсті.
Көпшілік аталған жазбадан кейін, оған жылы тілектерін жаудырып жатыр.
«Кім не десе де , жақсы әке», «Мүмкін уақытша үзіліс шығар.Барлық отбасы сыналып тұрады,әр түрлі мәселемен.Бастысы қайта қосылып,тату отбасы болып кетсе болды», «Мен ажырасты деген жаңалықты естіп жүрегім қақ айырылып еді!», — деп жазуда олар.