«Жағымпазданып жасаған шығар, бірақ заңсыз ғой” Асанәлі Әшімов мінген көліктің нөмірсіз жүргені желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жағымпазданып жасаған шығар, бірақ заңсыз ғой” Асанәлі Әшімов мінген көліктің нөмірсіз жүргені желіні шулатты

«Жағымпазданып жасаған шығар, бірақ заңсыз ғой” Асанәлі Әшімов мінген көліктің нөмірсіз жүргені желіні шулатты

Facebook желісінің "Online Qazaqstan" парақшасында Асанәлі Әшімов мінген көліктің нөмірсіз кетіп жатқан видео тарады. Есесіне нөмір орнына әйгілі актердің есімі жазылған.

  • 3 Мамыр 2022
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Бір қызығы оны жолда көрген тәртіп сақшылары, қасына барып амандасып жатқанын байқауға болады.  

"Ой жағымпаздар-ай….Асанәлі Әшімовті риза қыламыз деп жағымпазданып жасаған шығар.бірақ бұл заңсыз ғой!",- деп автор жазба жариялады.

Желі оқырмандары: "Әртістік мамандығын ел үшін қанжығасына байламаған болар…Ел қамын мұң мұқтажын айтып митингке біз үшін шыққан шал кемпірлерден қай жері артық еді??? Елдің қамын айтып митингке шыққан шал кемпірлерді сүйреп көлікке лақтырып тиеді ғой осы полицейлер…Асанәлінің дипломымен әртістігіме артықшылығы?!",

"Керемет! Абыройлы, Елдің ақсақалына қалай құрмет етседе жарасады. Жарайсыңдар! Қауіпсіздік қызметкерлері", "Асанәлі көкемізге жарасады. Мінсін, жүрсін.
"Сыйдың да,қадірдің де шегі бар,өкіметтің заңы бар.Алдынан сонша көп полицейлер шықпай-ақ, түсіндіріп,нөмірді шешіп алып,жіберсе де болады.", — деп пікірлер жазды.


 

Ой жағымпаздар-ай….Асанәлі Әшімовті риза қыламыз деп жағымпазданып жасаған шығар.бірақ бұл заңсыз ғой

Posted by Жарас Алипбаев on Monday, May 2, 2022

Сонымен қатар, Әшімовтің жұбайы "ASANALI" нөмірінің қайдан пайда болғанын түсіндіріп берді.

"Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойында осы нөмірді уақытша таққан еді. Оның өзінде сыртқа шыққан жоқ. Ал қала ішінде видеоға түсіп қалған сәтке тоқталсақ, бұл жаңадан түсіріліп жатқан фильмнің кадрлары екенін біліп жүріңіздер. Қазір Асанәлі Әшімов туралы фильм түсіріліп жатыр, ол үшін Қазақстанның барлық облысын аралап шыққан еді", — деді актердің жұбайы.