Петропавлда жас жігіт колледж аумағында суицид жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жас жігіт колледж аумағында суицид жасады

Петропавлда жас жігіт колледж аумағында суицид жасады

Петропавлда 19 жастағы жігіт колледж аумағында өз-өзіне қол жұмсады.

  • 4 Мамыр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің аумағында болды. Оқыс оқиға туралы хабарлама полицияға 4 мамырда, сағат 07:42-де келіп түскен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі суицидті растап, бұл факті Бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізіміне енгізілгенін айтты.

Көз жұмған жігіт аталған колледж студенті ме, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз. Облыстық білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.


Соңғы жаңалықтар