Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz порталының Telegram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бізде ортақ ата-аналар чаты бар. Топ жетекшісі бізге әжетхана қағазы, ішетін су, қол жуатын ыстық су жоғын, оның үстіне оларға айлық төлемей жатқандарын айтты. Балаларға қайнатылған макарон, гречка берілетіні, ал бесіндікте шаймен печенье беріледі екен. Келесі күні біз бірден орталыққа бардық. Көргенімізден көзімізге жас келді. Балалар бір-біріне жабысып, суық еденде жатыр екен. Ал сыймаған өзге балалар партада өз кезектерін күтіп отырған", — деді Тоқтар Әбдібеков "НемолчиKZ" порталына.
Осы жағдайдан кейін көптеген ата-аналар балаларын орталықтан алып кеткен. Бірақ, олардың айтуы бойынша орталық басшысы ақшаны да, құжаттары да қайтармай қойған.