"Мен онымен 5 жылдан артық бірге болдым. Мен енді сенсіз де өмір сүре аламын, қош бол" - Дәулет Мұқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен онымен 5 жылдан артық бірге болдым. Мен енді сенсіз де өмір сүре аламын, қош бол" - Дәулет Мұқаев

"Мен онымен 5 жылдан артық бірге болдым. Мен енді сенсіз де өмір сүре аламын, қош бол" - Дәулет Мұқаев

Белгілі блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасымен бөлісті.

  • 25 Мамыр 2022
  • 2070
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тағдыр солай… Мен енді басқаша қарай бастадым! Мен онымен 5 жылдан артық бірге болдым. Екеуміз талай қызықты күндерді бастан кештік. Ұйқысыз түндерде аспанға қарап, жұлдыздарды бірге санап, арман қудық, қиялдадық. Шетел аралап, тіпті онымен Каспий, Қара теңіз, Жерорта теңізі жағалауына дейін бірге бардық. Емтихан тапсырарда, кітап оқығанда, көлік жүргізгенде үнемі қасымда жүрді,маған көмекші болды. Талай телевизиялық жобаларды жүргіздік. Қайда жүрсек те, екеуміз бірге едік. Ол болмаса мен жалғыз жүруге жүрексінетінмін, олсыз мына әлем маған бұлыңғыр көрінетін. Бірақ, бәрі бір күнде өзгерді. Мен енді сенсіз де өмір сүре аламын, қош бол менің көзілдірігім. Көре алмайтын қазақтар аз болып, жақсы көретін жандарымыз көп болсын", — деп жазды Дәулет Мұқаев.