ДНР Украина жағында соғысқа қатысқан үш шетел азаматын өлім жазасына кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДНР Украина жағында соғысқа қатысқан үш шетел азаматын өлім жазасына кесті

ДНР Украина жағында соғысқа қатысқан үш шетел азаматын өлім жазасына кесті

Донецкіде ресейліктердің бақылауындағы Украина жағында соғысып, тұтқынға түскен Британияның екі азаматы мен Марокконың бір азаматы өлім жазасына кесілді.

  • 10 Маусым 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Донецк халық республикасының соты британиялық Шон Пиннер мен Эйден Аслинді, Марокко азаматы Саадун Брагимді жалдамалылық, билікті күшпен басып алуға әрекет жасау, сондай-ақ лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында дайындықтан өткені үшін кінәлі деп тапты.

Үшеуі де Ресей басқыншылығы басталғанға дейін келісімшартқа отырған Украина қарулы күштерінің қызметкерлері. Олар Украинада кем дегенде бірнеше жыл тұрған. Тіпті олардың біреуінде украиналық төлқұжат болған. Үшеуі де өлім жазасына кесілді. 

Сот мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтіп, журналистерге қол жетімді болмады. Соттан келген жаңалықтардың барлығы ресейлік мемлекеттік БАҚ-та жарияланды. Айыптылардың туыстары сотта қорғануға мүмкіндік болмағанын, адвокаттарының әрекет жасамағанын айтады.


Соңғы жаңалықтар