“Құшақтап жылағанда жүрегім шыдамай кетеді” - Айгерім Мамырова құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Құшақтап жылағанда жүрегім шыдамай кетеді” - Айгерім Мамырова құпиясымен бөлісті

“Құшақтап жылағанда жүрегім шыдамай кетеді” - Айгерім Мамырова құпиясымен бөлісті

Әнші Айгерім Мамырова оқырмандарының сұрағына желіде жауап берді.

  • 14 Маусым 2022
  • 1054
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

— Соңғы рет қай кезде жыладыңыз? Кім үшін жыладыңыз?

— Кеше ұзатуда жыладым. Қызды шығарып салып тұрғанда жүрегім елжіреп кетті. Шынымен қыз әкесін құшақтап жылағанда, жүрегім шыдамай кетеді. 

— Мұңаятын сәттеріңіз жиі болады ма?

 Анда-санда болып тұрады. Қолым тигенде бір мұңайып аламын, былай көпте қолым тие бермейдді ғой негізі.

— Бетіне операция жақындатпаған жалғыз әнші сіз шығарсыз иә?

 Мен тіпті тіс емдетуге укол салдыртуға қорқатын адаммын. Жасым мыңға келсе де әлі қорқамын. Дәрігерім бүгін бос емеспін десе, қуанып алды-артыма қарамай қашатын адаммын.

Жақында жаңа әндерімен тыңдармандарын қуантқан әнші, бейнебаянға дайындық үстінде екендігін жеткізді.