Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады.
Бөлінген лимиттер мөлшері:
- "Евразиялық банк" — 10 миллиард теңге;
- "Қазақстан Халық банкі" — 7,5 миллиард.
Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.
"Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті — 8 миллирад теңге.
Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді", — делінген хабарламада.