Қазақстан Румынияның транзиттік әлеуетіне қызығушылық танытады- ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Румынияның транзиттік әлеуетіне қызығушылық танытады- ҚР Елбасы

Қазақстан Румынияның транзиттік әлеуетіне қызығушылық танытады- ҚР Елбасы

"Біз үшін Қазақстан тауарларын, соның ішінде Қазақстан мұнайын Еуропаға тасымалдауда Румынияның транзиттік мүмкіндіктерінің маңызы зор",- деп мәлімдеді бүгін, 9-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Румыния президенті Ион Илиескумен екі арадағы келіссөздер қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

Екі мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Балқан түбегі арқылы Словенияның Триест және Хорватияның Омишаль айлағына дейін тасымалдауда Румынияның Констанца айлағының инфрақұрылымын пайдалануға жол ашатын ТРАСЕКА көлік дәлізінің мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.

«Бұл -екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең бір қызғылықты тұсы»,- деді Елбасы.
Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл жоба болашақ бағдар ретінде қарастырылуда. Оның жүзеге асу-аспауы Қазақстанда өндірілетін мұнай көлеміне байланысты.
Осы орайда мемлекет басшысы Қазақстанның бүгінде жыл сайын 50 млн. тонна мұнай өндіріп отырғанын, 10 жылдан кейін республика бұл мөлшерді жылына 150 млн. тоннаға дейін жеткізе алатынын ескертіп өтті.
«Жаңа тасымал бағыттарын іздеу қажеттігі сол кезде міндетті түрде туындайды»,- деген Н.Назарбаев елдің ішкі тұтыным мөлшері жылына 20-25 млн. тоннаны құрайтынын хабарлады.
Жалпы алғанда, Н.Назарбаевтың айтуынша, Румынияның Констанца айлағын пайдалану — Қазақстан мұнайын тасымалдауда Одесса-Броды, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы тасымал маршруттарымен бірдей маңызды.