Германиялық отбасы Семейдегі құрт ауруына қарсы күрес диспансеріне қайырымдылық көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германиялық отбасы Семейдегі құрт ауруына қарсы күрес диспансеріне қайырымдылық көмек көрсетті

Германиялық отбасы Семейдегі құрт ауруына қарсы күрес диспансеріне қайырымдылық көмек көрсетті

Германиялық отбасы Семейдегі құрт ауруына қарсы күрес диспансеріне қайырымдылық көмек көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бонн қаласының тұрғыны Рамиса Нигматидің айтуынша, жұбайы Герберт Айтхофф екеуі Семейдегі құрт ауруына қарсы күрес диспансерінде емделушілерге қайырымдылық көмек көрсету жөнінде өз бастамалары бойынша шешім қабылдаған. Олар емдеу мекемесіне 25 адамды дерттен құлан-таза сауықтыру үшін деп есептелген екі қорап дәрі-дәрмек сыйлады. Дәрі-дәрмектің жалпы құны 20 мың евроны құрайды.

Р.Нигмати Семейде туған. Ол осыдан екі жыл бұрын Германияны тұрақты мекендену үшін біржола қоныс аударыпты. Алайда бұрынғы отандастарына көмек қолын созуды өз борышы деп санайды. Оның бұл қайырымдылық ісіне тұрғылықты неміс болып табылатын күйеуі Герберт те қолдау білдірген.