2004-жылғы республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланды - экономика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы республикалық бюджеттің дефициті  92,7 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланды - экономика министрі

2004-жылғы республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланды - экономика министрі

2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланды. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте үкімет отырысында 2004-жылғы республикалық бюджеттің жобасын таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 442
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл 2003-жылғы жоспардан 500 млрд. теңгеге немесе 7 процент артық. 2004-жылғы тұтыным құнының индексі 5,4 процент деңгейінде, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 153,3 теңге болады деп жоспарланды.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, басқаша айтқанда Ішкі Жалпы Өнімнің 17,7 процентін құрап, 2003-жылғы жоспардан 152 млрд. теңгеге артады деп күтілуде. Ал бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, яғни, Ішкі Жалпы Өнімнің 19,6 процентін құрап, 2003-жылғы жоспардан 161,8 млрд. теңгеге артады .