Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері «Байтанат» кедендік бекетінде «Рада» атты иісшіл иттің көмегімен кедендік бақылау шарасын жүзеге асыру барысында рейстік автобуспен келе жатқан Қазақстан азаматынан ерекше иісі бар, өсімдік тектес қара жасыл түсті зат салынған полиэтилен дорба табылды. Сарапшының қорытындысына қарағанда, тәркіленген зат 48,78 грамм салмағы бар кептірілген марихуана болып табылады.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Ал «Ауыл» кедендік бекетінде «Бой» атты иттің көмегімен тексеру жүргізген кезде Қазақстан азаматынан 4,55 грамм героин алынып тәркіленді. Есірткі заты полиэтилен пакетке салынып, «Казахстанские» темекісінің қорабына жасырылыпты. Аталмыш дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.