Румыния президенті Қазақстандық іскерлерді өз елінің экономикасына инвестиция салуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Румыния президенті Қазақстандық іскерлерді өз елінің экономикасына инвестиция салуға шақырды

Румыния президенті Қазақстандық іскерлерді өз елінің экономикасына инвестиция салуға шақырды

Румыния үкіметі Қазақстанды өзінің Орталық Азиядағы негізгі потенциалдық әріптесі ретінде таниды және екі ел арасындағы экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықтарды пәрмендендіруге ниетті. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте қазақстандық және румыниялық кәсіпкерлердің қатысымен Алматыда өткен бизнес-форумда Румыния президенті Ион Илиеску хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 523
Фото - Caravan.kz

И.Илиескудің айтуынша, алдағы уақытта Румыния Еуропалық қоғамдастықтың толық құқылы мүшесіне айналғалы отыр. Осыған байланысты ол Қазақстандық іскерлерді өз елінің экономикасына инвестиция салуға шақырды. Бұл қазақстандық кәсіпорындардың жалпы Еуропалық нарықта бекем позиция иемденуіне мүмкіндік береді.

Румыния президентінің айтуынша, Румыния мен Қазақстанның экономикалық барлық салада, әсіресе Қазақстан тарапынан мүдделілік танытылған салаларда өзара ынтымақтастықты нығайтуға нақты мүмкіндіктері бар. Атап айтсақ, бұл салалар — мұнай және газ тасымалдау, өндіру және өңдеу, мұнай өндіру және мұнай химиясы, энергетика және ауылшаруашылығы саласындағы машиналар мен жабдықтар өндіру, өнеркәсіптік және азаматтық нысандар мен жолдар салу, медициналық жабдықтар жасау мен ағаш өңдеу. Румыния экономикасының бәсекелестік қабілетін осы елден шығарылатын экспорт көлемі айғақтайды деді И.Илиеску. Қазір бұл республика жалпы экспорттың 70 процентін Еуропалық Одақ елдеріне шығарады.
Бизнес-форумға 20-дан астам Румыниялық компаниялардың өкілдері қатысты. Бас қосудың басталар алдында И.Илиескудің хабарлауынша, екі компания Қазақстанда бір мәрте пайдаланылатын шприцтер өндіретін зауыт салу туралы келісімге келіп үлгерген. Осы жөніндегі келісім құны 1,5 млн. долларды құрайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесу барысында И.Илиеску мырзаға осы білім ордасының «Құрметті докторы» деген дәреже берілді.