1949-жылы туған К есімді азаматшадан шапқыншылар 500 мың теңге салынған дорбаны, 1951-жылы туған П есімді азаматшадан 15 мың теңге және 250 долларды қорқытып тартып алған. Тарпа бас салушыларға қарсылық білдірмек болған бір әйелдің оң аяғынан қарақшылардың бірі автоматпен атып жіберген.
Алматы қалалық ІІББ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстап алды. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын 35 жастағы азаматтан Чехияда өндірілген «АГРАН-2000» тапанша -пулеметі мен оның 14 оғы бар оқшантайы, сондай-ақ, көздің тұсын ойып тастаған бетперде тәркіленді. Қылмыскерлер базарға мініп келген «Мазда-626» автокөлігінің жанынан Макаров тапаншасының 12 оғы, «ТТ» тапаншасының бір оғы мен «Парабеллум» тапаншасынан атылған оқтың гильзасы табылды.
Қазір күдіктінің шабуылға қатысушы сыбайластарының жасырынған жері мен аты-жөні анықталу үстінде.