Жиналысқа ҚР үкімет басшысының 2003-жылғы 22-тамыздағы №185-р санды бұйрығымен құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысады. Жұмыс тобына ҚР парламентінің депутаттары, ғалымдар, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер өкілдері, министрлік және ведомство басшылары қатысады.
Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізудегі мақсат — Қазақстанның Еңбек кодексінің тұғырнамасы мен Еңбек кодексі жобасының құрылымын талқылауға саяды.
ҚР Еңбек кодексінің тұғырнамасы жобасын талқылау ҚР үкіметінің жанындағы заң жобасын жасау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулер негізінде тұғырнама жобасын одан әрі толықтыру мақсатымен өткізіледі.
Еңбек кодексі тұғырнамасының жобасы Халықаралық еңбек ұйымының нұсқауларында көрсетілген принциптерге негізделеді. Атап айтсақ, еңбек етуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, еңбек қорғау шараларын жасау, ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы, қауымдастықтар құру құқығы тәрізді принциптермен қатар Қазақстан бекіткен халықаралық конвенциялардың тәртіптеріне сәйкестендірілген.
Еңбек кодексі тұғырнамасының жобасына бірқатар жаңалықтар енгізілді. Айталық, онда еңбек қатынастарын реттейтін нормаларды басқа заңдарға қамтуға жол бермеу жөніндегі жалпылама тәртіптерді қатайту, және реттеу обьектісін таңдау жөніндегі идея алғаш рет ұсынылған.
Жұмыс тобының отырыстарын ұдайы өткізіп тұру жөнінде шешім қабылданды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр