Қарағандыда "Қазақстандағы қара металлургияның шикізат базасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда "Қазақстандағы қара металлургияның шикізат базасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Қарағандыда "Қазақстандағы қара металлургияның шикізат базасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Бүгін, 11-қыркүйекте Қарағандыда "Қазақстандағы қара металлургияның шикізат базасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, ол екі күнге созылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 1469
Фото - Caravan.kz

Конференцияда хабарлама және баяндама жасауға 145 автор өтініш келтірген. Шараның ғылыми жетекшісі — минералдық ресурстар академиясының президенті, академик Гинаят Бекжанов болып табылады.

Бас қосуға еліміздегі жетекші тау-кен өндірістік, тау-кен-геологиялық кәсіпорындардың өкілдері қатысуда. Конференцияға қатысушылар игеру үшін зерттеліп жатқан және қазіргі қолданыстағы қара металл кеніштерінің болашағы мен қазіргі ахуалына толыққанды талдау жасайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда дүниежүізілік нарықта сұраныс арта бастаған марганецті және хормитті кендерді өндіру және өңдеу перспективасы талқыланады. Сонымен бірге, тау-кен өнеркәсібі дамыған аймақтардың географиясын ұлғайту үшін осындай өнімдер өндіруші аймақтар қатарына Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарын қосып алу мақсаты сарапталады.
Конференция ҚР геология және жер қойнауын қорғау комитеті, минералдық ресурстар академиясы мен «Испат-Кармет» ААҚ-ның бастамасымен ұйымдастырылып отыр.