Мөлдір Әуелбекова - Өмірімнің мәні әнінің сөздері - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова - Өмірімнің мәні әнінің сөздері

Мөлдір Әуелбекова - Өмірімнің мәні әнінің сөздері

Әнші Мөлдір Әуелбекова тығдармандарын жаңа әнімен қуантты.

  • 19 Шiлде 2022
  • 258
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Сөзі: Рақымжан Рамазан
Әні: Қуат Әбілов

Өмірімнің мәні…

Шынайы сүймесем махаббатқа сенбес ем,
Бақытқа апарар тағдырымның жолын мүлдем көрмес ем,
Үмітті сөндірсем.

Сезімге шөлдесем жүрегіммен тілдесем,
Жанымды жаралап бауыр басып қалсам мен де білмес ем,
Қалайша күн кешем.

Өмірдің өкініш құлы болмаймын,
Өзімді алдай алмаймын,
Бәрін де сынақ деп қана қабылдаймын.

Қайырмасы


Жаны жарқын көңіліменен,
Жылытатын жылуыменен,
Үміті жалын жүрегіме сенем.

Кейде тым күйге мұң шын сезім деп сүйгенім,
Көңілді алдаса жұбатады тәңір жанымды менің,
Береді бір емін.

Құлпырған бақшада жаным нәзік гүл едім,
Сүйгенім жолығып мәңгі бақыт тауып
Өмір сүремін,
Жылынар жүрегім.