Мектеп ауласындағы ағаштарды кесуге бұйрық берген директордың үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп ауласындағы ағаштарды кесуге бұйрық берген директордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мектеп ауласындағы ағаштарды кесуге бұйрық берген директордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жетісу облысында мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

  • 24 Шiлде 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz


Текелі қаласындағы мектеп директоры ағаш кескені үшін айыпты болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп басшысы оқу орнының аумағындағы қарағайлы аллеяны кесуге бұйрық берген. Оның бұл әрекеті қоғамдық наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл жай ағаштар емес, Қырым қарағайының сирек кездесетін түрі деп отыр. Ал мектеп басшысы олар қатты желде құлап, біреуді жарақаттауы мүмкін деп қауіптенген көрінеді. Қалай болған күнде де директордың ісі әкімдік тарапынан заңсыз деп табылып, 1 млн 715 мың теңгеге шығын келді деп есептелді.