Атырау облыстық полицейлер бір тонна бекіре балығының контрабандасына тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облыстық полицейлер бір тонна бекіре балығының контрабандасына тосқауыл қойды

Атырау облыстық полицейлер бір тонна бекіре балығының контрабандасына тосқауыл қойды

Атырау облыстық ІІБ-ның балық қорын қорғау жөніндегі бөлімінің қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолының 29-шақырымында бекіре балығының контрабандасына тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қазан 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

Полицейлер жүктің иесі болып табылатын Ресей азаматы мен автокөлік жүргізушісі — Қазақстан азаматын ұстады.

Тергеу нәтижесінде белгілі болғанындай, ұсталғандар «Газель» автокөлігімен бір тонна бекіре тұқымдас құнды балық түрін Қазақстан аумағынан шығарып әкетуге әрекет жасаған. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүзеге асырылуда.