ҚР Қаржы полициясы агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаржы полициясының қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері М.Тұяқов пен Т.Ысқақов қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
2003-жылдың басынан бері осы салада 42 қылмыс тіркелді. Ал жалпы 2002-жыл бойына осындай 36 қылмыс әшкереленді, бұл бұған дейінгі бірнеше жыл ішінде беті ашылған жалпы қылмыстар санымен тең.
Сондай-ақ, ҚР Қаржы полициясы агенттігінен хабарлағанындай, 2002-жылы қаржы полициясы мекемелері басқаның тауарлық белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша 28 қылмыстық іс қозғады. Ал өткен жылдарда мұндай қылмыстар мүлдем дерлік ашылмайтын. 2003-жылы әшкереленген осындай қылмыстар саны 3 есе артты. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 2 есе, экономикалық контрабанда дерегі бойынша сотқа жолданған қылмыстық істер саны 10 процентке артты.
Сарапшылық кеңес қаржы полициясы мекемелерінің шағын және орта бизнеспен ықпалдастыққа бағытталған іс-қызметін үйлестіру және оның тиімділігін арттыруды көздейді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр