Ол ортаға салған мәліметтерге жүгінсек, қазір елімізде 3,1 млн. отбасылық жұп тіркелген. 1999-жылғы санақ мәліметтері бойынша, елімізде 15-тен жоғары жастағы ер адамдардың 62,3%-і, әйелдердің 55,6%-і некеге тұрса, еркектердің 30,4%-і мен әйелдердің 21,6%-і мүлдем отау құрмаған. Депутаттың мәліметтері бойынша, мүлдем некеге тұрмаған әйелдер мен еркектер арасындағы ең үлкен айырмашылық 20-29 жас аралығында байқалып отыр. «Осы жасқа келген еркектердің 54,3%-і, әйелдердің 33,9%-і мүлдем некеге тұрмаса, еркектердің 4,4%-і мен әйелдердің 8,1%-і ажырасқан, еркектердің 2,9%-і мен әйелдердің 14,7%-і жесір қалған»,- деді депутат.
Сондай-ақ, мәжіліс депутатының айтуынша, «еліміз үшін отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі әлі де өзектілігін жоймай отыр». «Ресми мәліметтерге жүгінсек, биылғы жылы елімізде 715 әйел мен 129 бала кісі қолынан қаза тапқан»,- деді ол. Тұрмыстық саладағы қылмыстар саны жылына 10,5 мың оқиғаны құрап, жоғары деңгейде қалып отыр. «Осындай оқыс оқиғалардың басым көпшілігі тіркелмей қалатындықтан бұл санды 4 есе көбейту керек»,- деді депутат сарапшылар пікіріне жүгіне отырып. «Анкета қорытындысына жүгінсек, әрбір екінші әйел белгілі дәрежеде зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бірақ олардың мардымсыз ғана бөлігі сотқа жетеді»,- деді депутат.
Жалпы алғанда, парламентшінің пікірінше, «елімізде отбасылық саясат теріс қалыптасқан». «Бүгінде қоғамдағы тұрмыс салты мен мәдениетті түбегейлі өзгерту қажеттігі айқын көріне бастады»,- деп пайымдайды халық қалаулысы. «Отбасы үшін балаларды асырау тауқыметін жарым-жартылай болса да мемлекет көтерісуі керек. Ал көп балалы отбасыларды қоғамдық мойындау тұрғысынан да, материалдық тұрғыдан да жан-жақты қолдау қажет «,- деді А.Айталы.
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр