Алматыда жолаушылар автобусы өртенді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді (ВИДЕО)

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді (ВИДЕО)

Алматы қаласында «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі № 38 автобус өртенді. 

  • 6 Қыркүйек 2022
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.