Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырыысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының жобасын таныстырды.
Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 68 баптан тұрады. Жобаны екі бөлікке бөлуге болады. Біріншісі, Конституциялық сот судьяларының мәртебесі мен кепілдікпен қамтамасыз етілуі, екіншісі Конституциялық іс жүргізу тәртібі. Конституциялық сот биліктің сот тармағына жатпайды. Себебі бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Конституцияық сот еліміздің аумағында Конституция үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Ал оның судьялары мәртебесі Конституциямен айқындалатын жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын мамандар болады, — деді ол.
Мусин айтқандай, заң жобасында конституциялық сот судьяларын тағайындау және өкілеттігін тоқтату туралы мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.
Олардың тәуелсіздігінің кепілдігі де бекітілген. Конституциялық сот судьяларының жоғары мәртебесін ескере отырып, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету нормалары енгізілген. Атап айтқанда сот жүйесі туралы конституциялық заңға ұқсас конституциялық сот судьяларының отставкаға шығу институтын енгізу ұсынылады, — деді ол.